ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮМӘНДАНУ

lat: Patologıalyq KÚMÁNDANÝ

нақты немесе ықтимал қолайсыздық пен қиыншылыққа төзуге ипохондриялық торығушылық. Мәселен, асқазанның сәл де болса мазалауы не тері қабатындағы кінәрат субъектіні қатерлі ауруға шалдықтым деген азап ойға жетелейді. Бұған сондай-ақ күмәншілдік, жеңіл-желпі нәрсенің өзін егжей-тегжейлі талдау, оған мән берушілік, бейімділік және басқа да мінез ерекшеліктері себепші болады. Патологиялық күмәнданудан психотерапевтік ақылға қонымды кеңесі арқылы арылтуға болады.